×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

Қордайда әншінің концертіне мұғалімдерден ақша жинағандар қалай жазаланды

Қордайда әншінің концертіне мұғалімдерден ақша жинағандар қалай жазаланды
Ulysmedia.kz коллажы

Жамбыл облысында мұғалімдердің концерт билеттерін мәжбүрлі түрде сатып алуға қатысты шағымдары бойынша тексеру аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Өңірлік білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, концертке билеттерді сатып алуды білім бөлімінің маманынан Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы сұраған. Ал ол өз кезегінде билеттерді мектеп директорларына таратқан.

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабы 7-3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторына, білім бөлімінің бас маманына және бірқатар мектеп директорларына ескерту түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, осындай заңбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, делінген хабарламада.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, 17 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданында билеті өтпей жатқан әншінің концертіне мұғалімдерден ақша жиналғанын хабарлаған едік.

Бұл жайтқа қатысты оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы пікір білдірді. Министрліктің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бұл жағдай бойынша тексеру жүргізетіні хабарланған.