×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Антикор Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады

Антикор Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Іздестіру ісі 3 наурызда Астанада тіркелген. 

Іздестіруді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі қазіргі уақытта Нығматуллин А. З. және басқа тұлғаларға қатысты Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

“Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, және ол Қазақстаннан тыс жерде болғандықтан іздеу жарияланды”, — деп хабарлады.

АРҒЫН НЫҒМАТУЛЛИН КІМ?

Арғын Нигматулин 1955 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 2006 жылдан бастап «Сарыарқа» хоккей клубы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарған, Қарағанды облыстық мәслихатының үш шақырылымының депутаты болған, Шығыс Қазақстан облысының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ны басқарған. «Сарыарқа» хоккей клубы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болған.