×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

«Бәрін ашық айтам»: Трамп 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты

Бүгін, 19:00
«Бәрін ашық айтам»: Трамп 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты
ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп "ертеңгі кеш керемет болады" деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбасында Трамп өзін "Украинаның бірде-бір жерін Путиннің Ресейіне бермеген жалғыз президент" деп атады.

Әлсіз әрі жұмысы тиімсіз демократтар сын айтқанда, ал жалған жаңалықтар олардың айтқанын қуана жариялап жатқанда, мұны ұмытпаңыздар! Ертеңгі кеш керемет болады, мен бәрін ашық айтам, – деп мәлімдеді Трамп.

ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ ДАУЫ

28 ақпанда Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі бүкіл әлемнің назарына ілінді. Кездесудің шиеленісті сипаты мен күтпеген нәтижесін атап өтпегендер кемде-кем. Келіссөздердің қалай өрбігенін Ulysmedia.kz осы мақалада толық зерттеп, сараптап көрген еді.