Танымал емші, сынықшы Бағдагүл Лепесова белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАҒДАГҮЛ НЕ ДЕЙДІ?
Оның айтуынша, Тұрсынбаева Қазақстандағы қыз-келіншектерді жаппай оранып, қап-қара киінуге итермелеп отыр.
"Айнұр Тұрсынбаева бүкіл Қазақстанды вахабист қылып шығарады. Бәрі оранып қап-қара болып киініп... Соның істегені ғой. Арабтар бұларға ақша төлейді ғой. Әрбір қыздарын киіндіріп суретке түсіріп жібереді. Шайға емес, арабтың ақшасына қызығып отырған әйел ғой", – дейді Бағдагүл Лепесова.
Емшінің пікірінше, олардың бұл қадамы ұлттық құндылықтарға қауіп төндіреді.
"Біздің айтыстан бас тартқан Айнұр, Сара... Айтыстың бәрін тастап, арабтың құлы болып кеткен. Миы уланған әйелге заң көмектеспесе ештеңе көмектеспейді. Айнұрды кіргізбеу керек Қазақстанға. Түркияда қашып жүрген әйел ғой", – деп ашынды емші.
ТҰРСЫНБАЕВА ҚАЙДА? НЕМЕН АЙНАЛЫСЫП ЖҮР?
Айнұр Тұрсынбаева – Қазақстанның танымал айтыскер ақыны, продюсер және қоғам қайраткері. Ол айтыс өнерінде өз орнын тапқан соң, мотивациялық дәрістер өткізіп, инфобизнеске бет бұрды. Қазіргі уақытта Тұрсынбаева Түркияда тұрып, жеке брендін дамытып, онлайн марафондар мен тренингтер ұйымдастырады. Оның әлеуметтік желідегі белсенділігі де жоғары, миллиондаған жазылушысы бар.