×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді банктер атқаруы тиіс – Бектенов

Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді банктер атқаруы тиіс – Бектенов
Ulysmedia.kz коллажы

Олжас Бектенов мемлекеттік қаржы институттары мен банктер арасындағы бәсекелестік туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестік экономиканың нақты секторының дамуына кедергі келтіретінін атап өтті.

- Банктер қысқамерзімді әрі тәуекелі аз несие бергенді дұрыс көреді. Ал нақты секторға қолжетімді және ұзақмерзімді қаржы ресурстары қажет, дейді Бектенов.

Оның сөзінше, мемлекеттік даму институттары жобаларға негізінен өздері қаржы бөліп келеді.

- Бұл банктердің нақты секторға деген қызығушылығын төмендетеді. Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді екінші деңгейлі банктер атқаруы тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл осы мәселені баса айтқан болатын, дейді премьер-министр.