×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

ҚБТУ-ды мемлекетке өткізу процесі қалай жүріп жатыр

ҚБТУ-ды мемлекетке өткізу процесі қалай жүріп жатыр
Ашық дереккөзден

Ulysmedia дереккөздері Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің мемлекет меншігіне өтіп жатқанын хабарлады.

СОТ ШЕШІМІ

Сот шешіміне сәйкес, “Қазақстан-Британ техникалық университеті” АҚ-ның 100% акциясы қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілуі тиіс. Сонымен қатар Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институтының және А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының 100% акциялары да мемлекет меншігіне өтеді.

- Қазіргі уақытта сот орындаушылары бұл шешімді жүзеге асыру процесін жүргізуде, делінген хабарламада.

ТАРИХИ ҒИМАРАТ

Айта кетейік, ҚБТУ ғимараты — Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан ғимарат. 1957 жылы салынған қаладағы тарихи және көрнекті ғимараттардың бірі.

Бұл ғимаратта 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1997 жылдан 2001 жылға дейін ғимарат Алматы облысы әкімінің резиденциясы қызметін атқарды. Осыдан кейін ғимарат Қазақстан-Британ техникалық университеті орналаспай тұрып бір жылдан аз уақыт бос тұрды. 2018 жылы ҚБТУ бас залы қайта жаңғыртылды.