Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жол-көлік оқиғасы жайлы Ulysmedia.kz бұған дейін жазған еді.
Қалалық полциия департаменті алдын ала мәліметтер бойынша, автобус Ұлы Дала даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі жолаушы медициналық мекемеге тексеріп, қажетті көмек алу үшін жеткізілді, – деп хабарлайды департамент.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, рөлде мұқият болуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жылдамдық режимін қатаң ұстануға шақырады.