×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанның мұнайын көбінесе қай елдер сатып алады

29.12.2021, 10:35
Қазақстанның мұнайын көбінесе қай елдер сатып алады
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк мұнай экспортындағы тенденциялар мен Қазақстанның «қара алтынын» көбіне қандай елдер сатып алатыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің төлем балансы департаментіне қарасты сыртқы секторға талдау жасау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетованың айтуынша, елдердің ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай экспортын төмендету туралы келісім бар. Соған қарамастан, «қара алтынға» деген әлемдік бағаның өсімі мұнай мен газ конденсантының экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берген (2020 жылдың 9 айына қарай +19%). Алайда ресми статистикадағы есептің ерекшелігін ескерсек, ІІІ тоқсандағы мұнай бағасының өсімі толығымен ІV тоқсандай байқалады.

«Қазақстан мұнайын көбіне Италия (6 млрд АҚШ доллары), Нидерланд (2,8 мдрд АҚШ доллары), Франция (1,7 млрд АҚШ доллары) Үндістан (1,3 млрд АҚШ доллары) мен Қытай (1,2 млрд АҚШ доллары) елдері сатып алады. Біздің мұнайды көп сатып алатын ел бұрынғыдай Италия болып қалды. Мұнай экспортының 27% үлесі осы мемлекетке тиесілі. Ал өзге елдер арасында экспорт көлемін арттырған мемлекеттер – Нидерланд (12,6%-ға дейін), Франция (7,7%-ға дейін), Түркия (5,3%-ға дейін), Сингапур (2,8%-ға дейін) және Бруней (2,3%-ға дейін)», - дейді Меруерт Алмағамбетова.