Әнші Төреғали Төреәлінің денсаулығы сыр беріп, бірнеше қаладағы концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
- Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісім шартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік! Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар жақсыларым! Бұлттың артыннан, күн шығары анық қой, ауырмаңыздар, дейді әнші.
Осылайша әншінің 7 наурыз Астанада, 9 наурыз Алматыда, 10 наурыз Шымкентте және 11 наурыз Таразда жоспарланған концерттері өтпейтін болды.