×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Ulysmedia.kz коллажы

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 10 наурызға дейін ұзарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл турады бас прокуратура хабарлады. 

– Тергеу соты бұған дейін күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 2025 жылдың 10 наурызына дейін ұзартқан болатын, деді прокуратура өкілдері. 

МАРАТ БЕКЕТАЕВ 

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болғанда ұсталғанын хабарлады

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев бірнеше даумен есте қалды: оның есебінде ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетекшілік еткені бар.