Алматы қаласының әкімшілік соты белсенді Ермек Нарымбайды бес тәулікке қамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӘКІМШІЛІК ІС
Азаттық мәліметінше, оның үстінен әкімшілік іс қозғалуының себебі – Facebook-тағы жазбасы. Жазбада президент, бас прокурор, премьер-министр және басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың есімдері аталып, автор олар туралы тараған ақпараттың рас-өтірігін сұрақ ретінде қойған.
ТЫЙЫМ
Бұған дейінгі сот үкіміне сәйкес, Нарымбаевқа “қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айналысуға” тыйым салынған. Осы шешім негізінде оған “сот шешімін орындамады” (669-бап, 1-бөлім) деген айып тағылды.
АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ
Адвокаты Василий Садықовтың айтуынша, сот барысында қарсы тарап Ермек Нарымбайдың кінәсін дәлелдей алмаған. Оның сөзінше, Нарымбай жазбада ешқандай тұжырым жасамай, тек аудиторияға сұрақ қойған. Сонымен қатар, ол тек желіде тараған ақпаратты қайталап жариялаған.
Қорғау тарапы сот қаулысын алған соң заңға сәйкес тиісті әрекеттер жасайтындарын мәлімдеді.