×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Қазақстанда мемлекеттік басшылық қызметтегі әйелдердің саны қанша

Бүгін, 19:51
Қазақстанда мемлекеттік басшылық қызметтегі әйелдердің саны қанша
Ашық дереккөздерден алынды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда мемлекеттік басшылық қызметте қанша әйел адам жұмыс істейтіндігі туралы статистиканы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПАРЛАМЕНТ ПЕН МИНИСТРЛІКТЕ

Қазір Парламентте 28 әйел  бар, бұл жалпы депутаттар санының 18,9%-ы.  Мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті. Барлық 21 министрліктің үшеуін нәзік жандар басқарады. Олар: Ақмарал Әлназарова (денсаулық сақтау министрі), Аида Балаева (мәдениет және ақпарат министрі), Светлана Жақыпова (еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі).

Сонымен қатар 8 вице-министр мен 3 аппарат басшысы әйел.

БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам (53%)

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і).

Бұған дейін Экономикалық зерттеулер институты гендерлік теңдікті бағалайтын рейтинг туралы айтқан. 2023 жылғы рейтингте Қазақстан 27,36% көрсеткішпен 64 елдің ішінде 35-орынға ие болды.