×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

«Қамажайдан» «Кимешектер шеруіне» дейін: биылғы Наурызнама қалай өтеді

Бүгін, 21:32
«Қамажайдан» «Кимешектер шеруіне» дейін: биылғы Наурызнама қалай өтеді
Алматы қаласының әкімдігі

14 наурызда елімізде жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Былтыр ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілген.
«Наурыз» бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ – уақыттың үш кезеңін, яғни еліміздің кешегі тарихын, қазіргі дамуын және келешек бағдарын бейнелейді.
ТАРИХҚА ЖҮГІНСЕК

Қазақ даласында Ұлыстың ұлы күнін атап өту дәстүрі бірнеше күнге жалғасқанын тарихтан білеміз. Көшпенді ел көктем мерекесін кемінде он күн тойлаған.

Ежелгі дәстүрді жүлгесін үзбей жалғастыруды мұрат еткен түркі жұртының бүгінгі ұрпағы Наурызды жаңа сипатта тойлауды қолға алды.

Наурызнаманың әрбір күні қоғам өмірінің жекелеген аспектіне арналған. Бұл мерекенің мағынасы мен мәнін аша түседі. Жаңару жеке қарым-қатынастардан бастап қоғамдық құндылықтарға дейінгі барлық салаларды қамтиды.
БИЫЛ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Биыл Наурызнама онкүндігі аясында елімізде халықтың салт-дәстүрі мен мәдениеті, тамыры терең тарихын насихаттауға бағытталған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізу көзделген. Олардың ішінде, «Қамажай» флешмобы, креативті индустрия өкілдері мен қолданбалы өнер шеберлерінің «Наурыз – Арбат» жобасы, «Кимешектер шеруі», «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» сынды ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін басқа да көптеген ауқымды іс-шаралар өтеді.