Денсаулық сақтау министрлігі медицина және білім беретін ұйымдардағы тамақтану стандартын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұйрыққа сәйкес, ауруханалар мен басқа да медициналық мекемелерде тамақ көбінесе науқастың емдеуші дәрігерінің нұсқауымен беріледі. Барлық ұйымда тағам төрт мезгіл беріледі, ал кейбір жағдайда алты мезгілге дейін берілуі мүмкін.
Сонымен қатар, ас мәзіріне салқындатылғаннан басқа құс еті, механикалық жолмен сүйектен ажыратылған құс еті және құс етінен алынған коллагенді шикізат қосуға тыйым салынады. Балаларға арналған тамақтану рационында ГМО немесе ГМО-дан алынған компоненттерді қамтитын азық-түлік шикізатын пайдалануға болмайды.
Ережеге сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында аутсорсинг пен кейтерингке тыйым салынады, ал оқу-сауықтыру ұйымдарында кейтеринг қызметі рұқсат етілмейді.
Балалар төрт сағаттан артық уақыт өткізетін ұйымдарда (мысалы, жалпы білім беретін мектептерде) міндетті түрде ыстық тамақ берілуі тиіс. Тамақтануға әр балаға кемінде 10-30 минут уақыт бөлінуі қажет.
Мектеп асханаларында келесі өнімдерді пайдалануға тыйым салынады:
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы 2025 жылы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Былтыр Қазақстан мектептерінде балалардың жаппай улану оқиғалары бірнеше рет тіркелген. 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп асханаларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілгенін мәлімдеді. Соның салдарынан 771 фактте заң бұзылғаны анықталды.
Осыдан кейін денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың жаңа стандарттарын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі.