Қазақ анимациясының әсіресе қазақ тілді өкілдері суретшілері мен режиссерлары қудалауға ұшырап жатқанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“РЕСЕЙ АГЕНТІ”, “БОТ”….
Тәуелсіз суретшілер мен аниматорлар “Қазақанимация” бірлестігіндегі жемқорлық пен бюрократия мәселесін көтерді.Олар сол үшін бірігіп кәсіподақ құрған. Алайда сол үшін “Ресей тыңшысы”, “бот”, “шетел агенті” деп айыпталып қудалауға ұшырады.
“Біз заман ағымына ілесіп, жобалардың сапасын арттырып, әділ әрі пайдалы бәсекелестікті күшейту керек деп есептеймін. Мен анимация индустриясындағы жемқорлыққа, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке, шовинизмге сондай-ақ жас мамандарға қатысты әділетсіздікке қарсымын. Ресейдің сатып алған студенті емеспін”, – дейді кәсіподақ мүшесі.
Осы мәселені көтеру үшін 100-ден аса адам кәсіподаққа жиналған. Олардың ішінде стуенттерден бастап суретшілер, режиссерлар, аниматорлар бар.
“ҚАЗАҚАНИМАЦИЯ” ЖАУАБЫ
Айыпталып отырған тараптың бұған жауабы қысқа болды.
““Қазақфильмде” тіл бойынша кемсіту туралы шағымдануға негіз жоқ. ”- деп қысқа жауап қайтарған.
“КОНВЕРТКЕ САЛЫП БЕРГЕН КЕЗДЕРІ БОЛДЫ...”
Қудалауға ұшырағандардың айтуынша “Қазақанимация” біреулер үшін тап-таза майшелпекке айналған.
“Қазақанимация” өкілдері “Қазақфильм” студиясының ішкі ережелерін жиі бұзады.Өздерінің не достарының ғана жобаларын мақұлдайды. Жас мамандарға ақысын төлемеген конвертке салып берген кездері де болды”- дейді кәсіподақ мәлімдемесінде.
Мысалы “Кенжеқыз” анимациясының өкілдері әлі күнге дейін ақысын алмаған. Титрда жобаға қатыспаған әлдебіреулердің аты көрсетілген екен. Ал жобаның өзіне 232 миллион теңге бөлінгенімен оның тек 70 миллионы ғана жұмсалған.
Кәсіподақ “Қазақанимация” басшылығын ауыстыруды, жобалар бюджетін ашықтығын және тағы да басқа талаптар қойып отыр.