×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Тыңшылық жүргізген: Лондондағы сотта Бергей Рысқалиевтің аты аталды

08.03.2025, 14:39
Тыңшылық жүргізген: Лондондағы сотта Бергей Рысқалиевтің аты аталды
Ашық дереккөздерден алынды

Қазақстанның құқық қорғау органдарынан қашып жүрген бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевті аңдуға және Лондондағы Қазақстан елшілігінде арандату акциясын өткізу жоспарына Ұлыбританияда сотқа тартылған болгар азаматтарының қатысуы болуы мүмкін. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

 «Олардың қызметі Ұлыбританияға қашып кетіп, сол жақта саяси баспана алған қазақстандық саясаткер Бергей Рысқалиевке қатысты болды. Айыптау деректеріне сәйкес, күдіктілер онымен Ресейдің Қазақстанмен байланысын нығайту үшін айналысқан, ал Қазақстан билігіне қарсыласын қудалаудан тиімді болды. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілердің төртінші операциясы Лондондағы Қазақстан елшілігіне бағытталды. Олар 2022 жылдың қыркүйегінде елшілікте «жалған акция» өткізуді жоспарлаған, кейін оның «ұйымдастырушылары» туралы мәліметтерді Қазақстан билігіне беруді ойлаған. Бұл да Ресей-Қазақстан қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған деп есептейді прокурорлар, - делінген хабарламада.

АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТКЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН

Лондонның Орталық қылмыстық сотында (Олд-Бейли) Ресейдің арнайы қызметінің тапсырысымен тыңшылық жүргізді деген күдікке ілінген болгар азаматтарынан құралған топқа қатысты іс жалғасып жатыр.

Бейсенбіде белгілі болғандай, прокурорлардың пікірінше бұл адамдар Германиядағы америкалық әскери базаны қадағалап, Ресей билігінің қарсыластарын, соның ішінде журналистер Кристо Грозев пен Роман Доброхотовты бақылауға тырысқан.

Сот ісіне Болгарияның бес азаматы: Орлин Русев, Бизер Джамбазов, Катрин Иванова, Ваня Габерова және Тихомир Иванчев тартылған.

СЫРТТАЙ 17 ЖЫЛҒА СОТТАЛҒАН

Естеріңізге салай кетейік, Бергей Рысқалиев Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. 2013 жылы оған халықаралық іздеу жарияланды. 2019 жылы қазақстандық сот оны сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырды.