Алматы әуежайында қызды құтқарған қазақстандық Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Промоутер Әлихан Жарылғапов Instagram желісінде ұйым басшысы Маурисио Сулейманмен болған әңгіменің үзіндісін жариялады. Белгілі болғандай, қазақ азаматының ерлігін мәртебелі ұйым өкілдері жоғары бағалап, ресми түрде WBC-ның бейбітшілік елшісі атағын беруді ұйғарған.
Маурисио мырза Мұса Әбдірайымның қайсарлығын ерекше атап, оның жылдам қимылы мен батылдығы нағыз ерліктің үлгісі екенін айтты.
Мұса – спортта ғана емес, бүкіл адамзаттың алдында нағыз қаһарман, – деді ұйым басшысы.