×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Бірнеше облыста республикалық жолдар жабылды

Бүгін, 09:25
Бірнеше облыста республикалық жолдар жабылды
Ашық дереккөздерден алынды

Бүгін, 9 наурызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша 7 облыстың 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазавтожол" таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Абай облысы
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 615-778 шақырым аралығы (Аягөз қ.-Жетісу облысының шекарасы).
Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы, Алматы-Өскемен автожолынан-Үржар а.).
Атырау облысы
Атырау-Орал автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы-Махамбет ауылы).
Шығыс Қазақстан облысы
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылының бұрылысына дейін).
Жетісу облысы
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысы
Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1505-1854 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін).
Қостанай облысы
Жезқазған-Петропавл автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
Ұлытау облысы:
Жезқазған-Петропавл автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Ескерте кетейік, күн ішінде кейбір жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келуі мүмкін.