Қашаған мұнай-газ кен орнын игеруші компаниялар Қазақстан үкіметімен арадағы экологиялық айыппұлдар мен салықтық шағымдарға қатысты дауда арбитраждың екі оң шешіміне ие болды, деп хабарлайы Ulysmedia.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Bloomberg-тің жазуынша арбитражды сот мұнай өндіруші алпауыттардың өтінішін қанағаттандырды. Іс толық қаралып біткенше Қазақстан кен орнында күкірт сақтауға байланысты 5 миллиард доллар көлемінде айыппұл өндіріп ала алмайтын болды. Бірақ айыппұл салу фактісін даулаған жоқ.
Сонымен қатар басқа арбитражды процесс аясында Қашағандағы серіктестер Қазақстанның салық органдарына мұнай өндіруден түскен пайданың үлесін тексеруге тыйым салатын шешімге қол жеткізді. Компаниялар кен орнымен байланысты коммерциялық келісімдерді келісімшарттың екінші тарапы ғана тексере алады деп уәж айтқан.
Қазақстанның Энергетика министрлігі, NCOC кен орнының операторы, сондай-ақ Shell, Eni және Total Energie пікір білдіруден бас тартты. Ал Exxon, Inpex пен China National Petroleum компанияларына жіберілген сауалхаттарға әлі жауап келген жоқ, деп атап өтті Bloomberg.
ТАРИХ
Қазақстан үкіметі "Қашағанның" шетелдік инвесторларынан 15 млрд доллар төлеуді талап етіп арбитражға жүгінді. Себеп – алып кен орнын игеру басталған сәттен бастап кідірістер, техникалық проблемалар және артық шығындар. Қосымша арыз 138 миллиард долларды құрайды және уәде етілген мұнай өндірісінің құнын есептеуді көрсетеді.
Сәуірде Қазақстан шетелдік мұнай компанияларынан талап етілетін өтемақы сомасын 150 млрд долларға дейін ұлғайтты. 30 қазанда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәжіліс кулуарында бұл талаптарды Халықаралық арбитраж қарайтынын растады. Белгіленген рәсімдерге сай тараптардың ұстанымын қарау процесі жүріп жатыр.
Қазақстандықтар шетелдік инвесторлар өздеріне төлейтін ақшаны қалай басқаруға болатынын ойлап бас қатырып жатқанда Қашаған кен орнының операторы North Caspian Operating Company консорциумы басқа жолмен жүруге шешім қабылдады және Қазақстан үкіметіне 5,1 млрд долларды талап етуден бас тартып, оның орнына әлеуметтік салаға 110 млн доллар инвестиция салуды ұсынды. Экологиялық зиянды өтеудің бұл тәсілі резонанс тудырды.
Отандық саясаткерлер көп жылғы бұзушылықтар үшін өтемақының орнына Қазақстанға мардымсыз сома уәде етілгеніне ашуланды. Экологтар үкіметке NCOC ұсынысын қабылдау керектігін айтқан.