×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Әйелдер 8 наурызда сыйға алған гүл шоқтары мен сертификаттарды жаппай сата бастады

Бүгін, 13:45
Әйелдер 8 наурызда сыйға алған гүл шоқтары мен сертификаттарды жаппай сата бастады
Скриншот

Онлайн сауда платформаларында 8 наурыз - әйелдер күні өткеннен кейін гүл шоқтары мен сертификаттар сатылатыны жөнінде хабарландырулар қаптап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталған хабарландыруларға v_astane_official паблигі назар аударған. Дәлел ретінде хабарландырулардың көшірмесі келтірілген.

8 наурыз мерекесінен кейін танымал хабарландыру сервистері гүлдер мен косметика, SPA және басқа да дүкендерге арналған сертификаттар туралы ұсыныстарға толып кетті. Мереке аяқталған соң, Қазақстанның арулары сыйлықтарын жаппай сатуға кірісті. Олар косметика және тұрмыстық техника дүкендеріне, тіпті аквапаркке арналған сертификаттарды сатылымға шығаруда. Көбіне бұл хабарландырулар 7-8 наурыз күндері жарияланған, – делінген жазбада.

Көпшілігі сертификаттарды жеңілдікпен сатуға дайын.