×
487.17
565.65
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.17
565.65
6.72

«Дарын» жастар сыйлығына өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 11:01
«Дарын» жастар сыйлығына өтініш қабылдау басталды
Фото: gov.kz

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқа) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа) daryn2026kz@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.
 

Серіктес жаңалықтары