×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Еліміздің әр өңірінен келген 100 озат оқушы Ақорданы аралады

Бүгін, 11:15
Еліміздің әр өңірінен келген 100 озат оқушы Ақорданы аралады
Фото: Ақорда

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты. 

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.  Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0–17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 33,6%  құрайды.

Балалардың 62,3%  қалалық жерде, ал 37,7%  ауылдық жерде тұрады. Ұл балалардың үлесі - 51,4%, қыз балалардың үлесі - 48,6%.

Балалардың ең көп саны республиканың үш өңірінде тіркелген: Түркістан облысында -910,4 мың (13,2%), Алматы қаласында - 688,9 мың (10%) және Алматы облысында - 572,3 мың (8,3%) бала.

Соңғы 5 жылда балалар саны 4,4% артты.

Серіктес жаңалықтары