Бұл жайлы Х әлеуметтік желісінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
РУБИО НЕ ДЕЙДІ
Ақ үй енді жоятын 5200 келісімшарт шеңберінде ондаған миллиард доллар АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделеріне сәйкес жұмсалмады, ал кейбір жағдайда тіпті кері әсерін тигізді, – деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы Рубио Х әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, Конгреспен жүргізілген консультациялардан кейін қалған шамамен 1000 бағдарлама АҚШ мемлекеттік департаментінің тікелей басқаруына өтеді.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін USAID басшылығында алдағы уақытта өзгерістер болатынын мәлімдеген еді. “Бұл агенттікке бір топ радикалдар-бассыздар басшылық етеді. Біз оларды жұмыстан босатамыз, содан кейін шешім қабылдаймыз” деген болатын Трамп.
USAID азаматтық сыртқы көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты. Тәуелсіз агенттіктің жылдық бюджеті 42,8 миллиард доллар.