×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Шымбұлақта үш шаңғышының салдарынан қар көшкіні болды

Бүгін, 14:57
Шымбұлақта үш шаңғышының салдарынан қар көшкіні болды
ашық дереккөзден

Шымбұлақ тау курорты Шымбұлақ тау курортындағы қар көшкіні жайын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тау курортының мәліметінше, 2024 жылы 10 наурыз күні сағат 09:58-де Школьник тауында Комби 2 аспалы жолы аумағында қар көшкіні тіркелген.

7 және 9 наурыз күндері жауған қалың жауын-шашынға байланысты курорттың қар көшкініне қарсы қызметі алдын алу шараларын жүргізген. «Аваланчер» пролиндік қондырғысын пайдалану арқылы бес бағытталған жарылыс жүргізіліп, Конус, Школьник және Сухой Лог учаскелерінде шамамен 7 000 текше метр қар түсірілді.

ШАҢҒЫШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ

10 наурыз күні сағат 09:17-де қар көшкіні қауіпсіздігі қызметі қар жамылғысының тұрақтылығын тексеруді аяқтап, Комби 2 аспалы жолының ашылуына рұқсат берді. Барлық трассадан тыс аймақтар қоршаулармен белгіленіп, «Қар көшкіні қаупі бар», «Жабық», «Өтуге тыйым салынады» арнайы ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды.

Алайда сағат 10:02-де курорттың жедел басқару орталығына Школьник тауының жоғарғы бөлігінде қар көшкіні жүргені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқару қызметі көшкін аймағын тексеріп, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ.

Тексеру барысында үш шаңғышының тыйым салу белгілерін елемей, қоршауларды заңсыз кесіп өтіп, қауіпті аумаққа өз бетінше кіргені және қар көшкінін өз әрекеттерімен қоздырғаны анықталды. Қазір курорттың қауіпсіздік қызметі аталған тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Курорттың барлық қызметтері күшейтілген бақылау режиміне көшіп, жағдайды үздіксіз мониторингтеуде. Комби 2 және Сол жақ Талғар трассалары уақытша жабық, ал Комби 2 аспалы жолы тек жаяу жүргіншілер үшін жұмыс істеп тұр.

Шымбұлақ тау курорты барлық келушілерді қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.