×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

120 жыл бұрын ашылған «Мамания» мектебін қалпына келтіру бастамасы көтерілді

30.12.2021, 10:48
Фото: Ашық дереккөзден

Сенаторлар «Мамания» мектеп-медресесін қалпына келтіру жастарға патриоттық тәрбие беру үшін маңызды екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат Бақытжан Жұмағұлов премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында «Мамания» мектеп-медресесін қалпына келтіру қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, «Мамания» - Жетісу өңіріндегі алғашқы білім беру орталықтарының бірі. Мектеп-медресе сонау 1899 жылы ашылған, Бүгінгі таңда оның тек іргесі ғана қалған. Бақытжан Жұмағұлов осындай құнды тарихи ескерткішті қалпына келтіру өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамыту үшін маңызды деп санайды.

«Мамания мектеп медресесін қайта қалпына келтіріп, мемориалдық үйге, әрі тарихи этнографиялық музейге айналдырған жөн. Сонымен қатар, жақсының тұяғы болған бүкіл Маман ұрпақтарына, сол жерден білімнің нәрін алып, оқыған ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған шәкірттер аллеясын жасауды ұсынамын. Бұл ретте, Мамания мектебін қайта қалпына келтіру жастарды патриотизмге, ұлттық руханиятты сүюге ықпал ететін игі іс болады деп ойлаймын», - деп атап өтті Бақытжан Жұмағұлов.

Мамания мектебін Жетісудың атақты байы Маман балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар 1899 жылы ұйымдастырып, 1903-1904 жылы салып бітірген. Мектептің құрылыс жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы «Медресе-Ғалияның» оқу-тәжірибесіне негізделді. Көптеген ру басшылары «орысша оқыған соң балаларымыз діннен шығып кетеді» деп, балаларын оқуға бермегендіктен, алғашқы жылдары мектепте, негізінен, Маманның балалары мен қыздары және олардың малшы-жалшыларының балалары оқыды. Мектепте арнаулы оқу орындарын бітірген қазақ, татар мұғалімдері сабақ берген. Сабақ ана тілінде жүргізілген. Орыс тілі 4-кластан бастап жеке пән ретінде оқытылды. Мектепте діни сабақпен қатар жаңа пәндер (география, есеп, орыс тілі, ана тілі,т.б.) оқытылған.

Серіктес жаңалықтары