Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демелатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛЫС
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 14 демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 10 демалыс күні.
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2025 жылы бұл күндер жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
Демалыс кестесі:
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – қатарынан бес күн демалыс: 21-25 наурыз аралығы.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – демалыс күндері: 21, 22, 23 және 24 наурыз. Ал 25 наурыз (сейсенбі) жұмыс күні болады.
Мемлекеттік мерекелерден бөлек, наурыз айында бірнеше кәсіби және еске алу күндері бар:
1 наурыз – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ. Бұл күні адамдар бір-біріне ризашылық білдіріп, мейірімділік танытады.
Наурыздың екінші сенбісі – ЖЕР ҚОЙНАУЫ, ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КҮНІ. Бұл – осы салада жұмыс істейтін мамандардың кәсіби мерекесі.
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр.