×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ келіссөздері басталды

Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ келіссөздері басталды

Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ келіссөздері басталды. Америкалық делегацияны мемлекеттік хатшы Марко Рубио және АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц бастап барған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ-тың мәліметінше, келіссөзде «бейбітшілік келісімі мен соғысты тоқтатудың негізгі шарттары» талқыланады.

Киев әуеде және теңізде атысты тоқтатуды - ұшқышсыз ұшақтар мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарға тыйым салуды, сондай-ақ Қара теңіздегі әскери әрекеттерді тоқтатуды ұсынып отыр, деп жазады DW.

Киев делегациясынан Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, сыртқы істер министрі Андрей Сибига және қорғаныс министрі Рустем Умеров қатысуда.

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕДІ

Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясына барған болатын

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да Сауд Арабиясында екені, бірақ ол Украина президентімен кездеспейтіні хабарланды. Зеленскийдің командасы 28 ақпандағы Вашингтонға сәтсіз сапарынан кейін елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға тырысады.