×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

«Болашақ» шахтасындағы төтенше жағдай – зардап шеккен жұмысшының бірі қаза тапты

11.03.2025, 18:30
«Болашақ» шахтасындағы төтенше жағдай – зардап шеккен жұмысшының бірі қаза тапты
Қазхром

"Болашақ" шахтасындағы апат салдарынан зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға салдарынан медициналық көмек үш жұмысшыға қажет болған. Олардың екеуінің жағдайы жақсарып, үйлеріне жіберілген.

Бір пациентке полиоргандық жеткіліксіздік диагнозы қойылып, ол санитарлық тікұшақпен көпсалалы облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Алайда, ол қайтыс болды, – деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Қазақпарат агенттігі шахта жұмысы қайта жанданғанын хабарлайды.

"Болашақ" шахтасындағы апат

Ақпан айының соңында Донской тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасында кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстары жүргізу кезінде ауа кеңістігінің қысқа уақытқа тұтануы орын алды. Салдарынан төрт жұмысшы әртүрлі дәрежедегі күйік жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген болатын.