Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі кешенді тексерістің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа комиссия жұмысының қорытындылары баяндалды. Тексеріс нәтижесінде Қорғаныс министрлігіне қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелердегі заң бұзушылықтарға қатысты 13 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
13 қылмыстық іс қандай фактілер бойынша қозғалды?
Тексерістің бірінші кезеңі бойынша қылмыстық қудалау органдары:
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға нені көрсетті?
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаны зерттеу барысында оқу-жаттығу жиындарын дайындау және жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, тәуекелдерді бағалау, десант түсіруді ұйымдастыру және әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тиісті талаптар сақталмаған.
Алдын ала тергеу нәтижесі әскери іс-шараларды жоспарлау барысында өрескел қателіктер жіберілгенін және бұған дейінгі басшылық тарапынан тиісті бақылау болмағанын көрсетті.
Қолбасшылық құрамның қылмысқа парапар салғырттығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Осы іс бойынша бес лауазымды тұлға қамауға алынған. Тергеу аяқталғаннан кейін олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Әскердегі әлімжеттік бойынша да қылмыстық істер қозғалды
Тексеру барысында әскери тәртіп пен алдын алу жұмыстарында бірқатар кемшілік бары анықталған. Әскери қызметшілерге әлімжеттік жасау және жарғыға қайшы әрекет ету фактілері әшкереленіп, олар бойынша да қылмыстық істер қозғалған.
Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарын сақтау, әскери қызмет өткеру жағдайы, тылды қамтамасыз ету және жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр.
Тоқаев не тапсырды?
Президент Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Тексеру нәтижелері Қарулы күштерді реформалау жоспарын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.
Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің қазасына кінәлі барлық лауазымды тұлға заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуға тиіс екенін атап өтті. Бұл мәселе Президенттің жеке бақылауында болады. Комиссия жұмысы жалғасып жатыр.