×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

ПИК пен МИБ-ке қатысты жаңа заң: қандай өзгерістер болмақ

ПИК пен МИБ-ке қатысты жаңа заң: қандай өзгерістер болмақ
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс тұрғын үйлерді басқару туралы жаңа заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

12 наурызда мәжіліс бірінші оқылымда тұрғын үйлерді басқару жүйесін өзгертуге бағытталған заң жобасын мақұлдады. Жаңа заңға сәйкес, көпқабатты үй тұрғындары басқару формасын өздері таңдай алады. Екі нұсқа ұсынылған:

  • Меншік иелерінің бірлестігі (МИБ)
  • Тікелей бірлескен басқару (жай серіктестіктерге ұқсас, бірақ пәтер санына шектеу қойылмайды)

Депутаттардың айтуынша, жай серіктестіктер (ЖС) бұрынғыдай қалады, олар тек бірлескен басқару жүйесіне көшеді.

Сонымен қатар, тұрғындар басқару процесін қалай ұйымдастыру керектігін өздері шешетін болады:

  1. Өзін-өзі басқару – МИБ төрағасын меншік иелері арасынан сайлайды. Ол үйдің жұмысын ұйымдастырып, қызметкерлерді жалдап, үйдің жағдайына жауапты болады.
  2. Кәсіби басқарушы – МИБ кәсіби басқарушымен келісімшарт жасайды, ал төраға тек бақылаушы рөлін атқарады.
  3. Аутсорсингке беру – МИБ тек бақылау функциясын өзінде қалдырып, барлық басқару жұмыстарын басқарушы компанияға (БК) тапсырады.

Егер тұрғындар жиналыс өткізіп, басқару нысанын таңдамаса, үй “иесіз мүлік” деп танылып, жергілікті билік уақытша басқарушы тағайындайды.

ПИК-КЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП

Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) енді жеке басқару формасы болмайды. Олар бірнеше үйді біріктіретін шаруашылық құрылымға айналады.

Бұдан бөлек, барлық ПИК-тер міндетті түрде қайта тіркеуден өтеді, жаңадан жарғы бекітеді және тек коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс істейді. Мұндай кооперативтердің табысы мүшелері арасында бөлінбеуі керек, тек шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалатын болады.