×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

«Бетіме қайнаған суды шашып жіберді»: танымал актёр өзін айыптаған Гүлжан Қалыбаеваға жауап берді

Бүгін, 20:30
«Бетіме қайнаған суды шашып жіберді»: танымал актёр өзін айыптаған Гүлжан Қалыбаеваға жауап берді
Ашық дереккөзден

Бұрынғы "Тамаша" әзіл-ысқақ театрының актері Мұхамеджан Мырзакеев журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп өзін айыптаған экс әріптесі Гүлжан Қалыбаеваға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

ПӘТЕРДІҢ ДАУЫ

Бұған дейін журналист Аман Тасығанға сұхбат берген актриса Гүлжан Қалыбаева бұрынғы әріптесі Мұхамеджан Мырзавкеевті өзінің пәтерін тартып алды деп айыптаған. 

Алайда арада бірнеше күн өткенде сұхбат алаңына Мұхамеджанның өзі келіп оқиғаның өз нұсқасын айтып берді. Әртістің сөзінше оқиға екі мыңыншы жылдардың басында болған. Бұл актердің “Тамаша” театрынан кетіп қалған кезі екен. 

“Гүлжан (Қалыбаева)мені кездесуге шақырды. Мұхамеджан біздің “Күлкі керуенге” режиссер болып келші деді. Жарайды дедім. Қалай жұмысты бастайық дедім. Қандай шартың бар деді. Мен Талғарда тұрамын. Келіп-кету қиын. Үй берсең барамын деді. Ол айтты менің екі бөлмелі үйім бар деді,”- деді Мырзакеев. 

Әртістің сөзінше арада екі күн өткенде олар тағы кездескен.  

“Күйеуім Төлеген екеуміз ақылдастық үйді саған беретін болдық деді. Мен айттым үйді әйелімнің атына аударасың дедім. Келістік деді.”- дейді актер.   

Мұхамеджанның сөзінше пәтердің ақысы ретінде  Республика сарайындағы концерттен түскен ақшаны Гүлжан алып отыруға келіскен.  Ал гастрольдік сапарлардың ақысын жалақы ретінде Мұхамеджан алып отыруы тиіс болған.  

“Ол жерде 4 жылдай істедім. Республика сарайынан ақша жақсы түсетін. Үйдің бағасы 6 мың долларға бағаланған. Біз жұмыс істегенде “Күлкі керуеннің” рейтингі ұшты аспанға,”- дейді Мұхамеджан Мырзакеев. 

Мұхамеджанның ның сөзінше оның театрдан кетуіне Гүлжанның ішімдікке салынып кетуі себеп болған. Кейін тіпті осыны бетіне басқан актерға Қалыбаев қайнаған суды шашып жіберген.

“Көрермендер айғайлай бастады. “Алқаштар, әртістердің бәрі алқаш, қалай шығасыңдар халықтың алдына” деді. Сол кезде Гүлжанның ішкені білініп қалды”- дейді Мырзакеев.

Кейін Гүлжан Қалыбаева мен Мұхамеджан Мырзакеев пәтер үшін соттасқан. Мырзакеевтің сөзінше Қалыбаева одан 80 миллион теңге талап еткен. 

Енді арада 30 жылға жуық уақыт өткенде Қалыбаева ескі жараның аузын тырнап отыр дейді Мырзакеев.

ГҮЛЖАН ҚАЛЫБАЕВА ЖӘНЕ МҰХАМЕДЖАН МЫРЗАКЕЕВ 

 

Гүлжан Қалыбаева - танымал актриса, көпшілікке "Тамаша" және "Күлкі керуені" театрлары арқылы танылған. Кейін АҚШ-қа қоныс аударған 

Мұхамеджан Мырзакеев - белгілі актер, "Тамаша" ойын-сауық отауы мен кейіннен құрылған "Күлкі керуені" театрында жұмыс істеген. 

“ТАМАША” ТЕАТРЫ

"Тамаша" театры - Қазақстандағы танымал әзіл-сықақ театры. Ол 1978 жылдан бастап қазақ тілінде шығатын телевизиялық бағдарлама ретінде танымал болды. Театрдың негізін қалаушылар - режиссер Лұқпан Есенов және редактор Қойшығұл Жылқышиев1. Алғашқы актерлер құрамына Тұңғышбай әл-Тарази, Құдайберген Сұлтанбай, Уәйіс Сұлтанғазин және Мейірман Нүрекеев кірді.