×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

«Қаңғып жүргеніме 20 жыл болды, аға-ау»: Шымкентте мүгедектігі бар азамат әкімнен жылап тұрып, көмек сұрады

«Қаңғып жүргеніме 20 жыл болды, аға-ау»: Шымкентте мүгедектігі бар азамат әкімнен жылап тұрып, көмек сұрады
Видео кадры

Мүмкіндігі шектеулі шымкенттік азамат қала басшысынан жылап тұрып көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға қала әкімі Ғабит Сыздықбаевтың Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуінде болған. Көшпелі кездесуде әкім Нұрсәт, Астана, Қызыл су шағынауданы және Сайрам мен Өтеміс тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездескен. 

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі азамат әкімнен баспана беруін сұраған. 

- Мен 20 жыл болды қаңғып жүргеніме. Өтінемін аға-ау, маған бір шатырымды сайлап беріңіз. Маған шаңырақ керек. Азап шектім, дейді қала тұрғыны. 

ЖЕЛІ ПІКІРІ

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір жазған. 

- Ораза айынында әкім ағасы қоллау беріп, үйлі болуын нәсіп етсін. 

- Соңында құшақтап, қолынан алды деп ойлаймын.

- Мүгедектердің жағдайын жасау керек. Қол-аяғы сау адам азығын табады, дейді желі қолданушылары. 

ӘКІМНІҢ ЖАУАБЫ

Ұлысмедиа тілшісі Шымкент әкімдігінен қала басшысының бұл жайтқа қатысты жауабын сұратты.