×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Таксисттердің жаңа ұйымға бірігіп, жарна төлеуі: заң мәжілістің мұрағатында қалған

Таксисттердің жаңа ұйымға бірігіп, жарна төлеуі: заң мәжілістің мұрағатында қалған
Ulysmedia.kz коллажы

Таксисттердің бәрі жаңа ұйымға бірігіп, міндетті жарна төлеуіне қатысты жаңа ереже мәжілістің мұрағатында қалған. Бұл туралы депутат Нартай Сәрсенғалиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СКЛЯРДЫҢ ЖАУАБЫ

Бұған дейін үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың депутаттарға берген жауабына сәйкес, жаңа заң жобасы шеңберінде өзін-өзін реттейтін ұйымдар (ӨӨРҰ) құрылатынын айтқан болатын. Скляр жауабында жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленетінін атап өткен.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің сөзінше, фракция өткізіліп, бұл заңды тоқтатылған. 

- Заң жобасы екінші оқылымға кетпейді. Министрлік пилоттық жасап дәлелдеу керек. Содан кейін ғана талқылауымыз мүмкін, болмаса мұрағатта қалады. Қарапайым халықты, таксистерді қинауға болмайды, дейді депутат. 

Сәрсенғалиев бұл жайлы бұған дейін жасаған депутаттық сауалында айтқан. Ол жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы мемлекеттің міндеттерін өзін-өзі реттеу ұйымына беру, жекеменшік СРО-ға тастай салу үлкен қателік деп санайды. Осы қадамды көздеген заң жобасы мәжіліске келген. Депутаттар бұл заңға бірден қарсы болған.

Оған екі себебі бар:

  1. Заң жобасы өзін-өзі реттеу ұйымдарына жолаушылар тасымалындағы тарифті белгілеу, бағаны реттеу құзыреттерін бермек.Бұл қате. Құрылуы мүмкін өзін-өзі реттеу ұйымдары азаматтарымызды аямайтыны екібастан белгілі. Бұл жерде тұтас саланы жекеменшік ұжымдарға жығып беру –монополияны қолдан жасауға бағытталған қисынсыз әрекет.
  2. Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы қауіпсіздік мәселелерін өзін-өзі реттеу ұйымына беру адамдардың өміріне жүрдім-бардым қараудың нақты көрінісі. Ақшаның артынан қуған жекеменшік ұйымдар қауіпсіздікке қалай болса солай қарайтыны айтпаса да түсінікті. Біздің елде де жол апаттары жыл сайын жүздеген адамның өмірін жалмайды, бұл проблеманы мемлекеттік органдар шеше алмай отырып, ақыр аяғында жолдағы қауіпсіздікті өзін-өзі реттеу ұйымына бере салу туралы шешімдері ақылды адамның әрекеті емес.

ШЕШІМ

Бұл заң жобасы мәжілістің мұрағатына түсті. Таксистерді өзін-өзі реттеу ұйымына кіруге, жарна төлеуге міндеттейтін заң жобасы тоқтатылды.