×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

7 айда 77 миллион: Өркен Кенжебек үй жөндеуге кеткен ақшасын айтып таңғалдырды

Бүгін, 22:25
7 айда 77 миллион: Өркен Кенжебек үй жөндеуге кеткен ақшасын айтып таңғалдырды
Әлеуметтік желіден

Танымал блогер желідегі парақшасында үйін жөндеуге кеткен шығынды ашып айтып, талдап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

77 МЛН: ТИЫНҒА ДЕЙІН ЕСЕПТЕГЕН ТАЛАПШЫЛДЫҚ ПА, ӘЛДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАЛЖЫҢ БА?

Өркен Кенжебек тағы да ел аузында. Бұл жолы танымал блогердің әңгімесі - пәтер жөндеуі мен оған кеткен қомақты қаражат туралы болды.

"Пәтеріме ремонт жасап бастағаныма 7 айдан (215 күн) асып, осы аралықта 77 млн 69 мың 103 теңге 30 тиын жұмсаппын", - дейді ол. Иә, дәл солай – тиынға дейін санаған! Мұны өзі "талап етілмейтін жерде талапшыл қуғынбаймын" деп қалжыңдайды.

38 МЛН ӨЗ ҚАЛТАСЫНАН, ҚАЛҒАНЫ ЖАРНАМАҒА…

Қызығы, бұл соманың тек 38 млн 452 мың 88 теңгесі ғана оның өз қалтасынан шыққан екен.

"Ал жеңілдікке келіскенім, жарнамаға түсіргенім һәм аға-бауыр, дос-жараннан алдын-ала ақшалай-материальды демегені бар – ол 38 млн 617 мың 15 теңге", - деп бөлісті блогер.

Көмек қолын созғандардың бәрін белгілегісі келсе де, инстаграммда блокқа түсіп қалудан қорқады екен.

Ал үйге қолданылған құрылыс заттары мен жиһаздарды жиһанкез Өркен Кенжебек саяттаған мемлекеттерінен де таңдайды екен. 

“ШҮКІР” ДЕП ҚАРАЙДЫ

77 миллионды естігенде таңғалдыңыз ба? Өркеннің өзі бұл жағдайға "шүкір" деп қарайды.