×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Өскеменде жасөспірімдерді жүйелі түрде бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

15.03.2025, 10:01
Өскеменде жасөспірімдерді жүйелі түрде бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
Видеодан алынған кадр

Өскемен қалалық прокуратурасы кәмелеттік жасқа толмағандарды жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Құқық қорғау органдары күдіктілерді URPAQ телеграм-боттың көмегімен әшкереледі, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қалалық прокуратураның хабарлауынша, жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, студенттерден, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерден күш қолдану арқылы ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды.

Күдіктілер қылмыс үстінде қолға түсті. Қазір олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар, жоғы тексеріліп жатыр. URPAQ жобасы өскелең ұрпақтың құқығын қорғауға, зорлық-зомбылық пен буллинг фактілерін жедел анықтап, жолын кесуге бағытталған. – деді Өскемен қаласының прокуроры Тимур Шақпантаев.
Мамандардың айтуынша, ұсталғандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

URPAQ-ТЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

URPAQ телеграм-бот құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты жылдам жеткізуге, фото, аудио, видео және басқа да материалдарды жүктеуге мүмкіндік береді. Кез келген адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар да, шұғыл көмек сұрап немесе қауіпті жағдай туралы хабарлай алады.