×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Қызылорда облысында жасөспірім тұрғынға пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді

Бүгін, 10:13
Қызылорда облысында жасөспірім тұрғынға пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді
Ulysmedia.kz коллажы

Қызылорда облысының Шиелі ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім тұрғынға шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Пышақ жарақатын алған азамат полицияға жүгінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Күдікті ұсталды. Сот оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Оқиғаға байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Кәмелетке толмаған жасөспірім күдікті ретінде ұсталды. Сот оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Алтай «ҚазАқпаратқа».

Ата-анасы да жауапқа тартылмақ

Полиция жасөспірімнің заңды өкілдерін бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қаралатынын хабарлады.

Сонымен қатар, материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Комиссия қосымша шараларды және оқиғаға себеп болуы мүмкін жағдайларды қарастырады.

Тергеу жалғасып жатыр және облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.