×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Санжар Жаркешов Энергетика министрі болуы мүмкінт – дереккөз

Бүгін, 11:00
Санжар Жаркешов Энергетика министрі болуы мүмкінт – дереккөз
Санжар Жаркешов

QazaqGaz ҰК АҚ-ны басқаратын Санжар Жаркешов Қазақстанның энергетика министрі қызметіне тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.

 

Бұл туралы Ulysmedia редакциясына сенімді ақпарат көзі хабарлады. Қазіргі энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Президент жанындағы жаңа ядролық агенттіктің басшысы болуы мүмкін деген болжам бар. Ал оның орнына QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов келуі мүмкін, деп хабарлайды дереккөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Естеріңізге сала кетсек, Санжар Жаркешов QazaqGaz ұлттық компаниясының басшылығына 2022 жылғы наурызда тағайындалды. Ол бұл қызметке Дариға Назарбаеваның күйеуі деп айтылып жүрген Қайрат Шәріпбаевтың орнына келген. Жаркешов мұнда«ескі қазақстандықтармен» жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ол қызметке кіріскеннен кейін компанияда триллион теңгеге жуық бұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

ӨМІРБАЯНЫ

Санжар Жаркешов Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, сондай-ақ АҚШ-тағы Техас университетін мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша бітірген.

Оның шетелде істеген жұмыс тәжірибесі мол екенін атап өту керек. Ол мансабын америкалық Техастағы Мұнай және геожүйе инженері орталығында зерттеуші инженер ретінде бастап, кейін Калифорния, Колорадо және Техас штаттарында ExxonMobil корпорациясының бұрғылау инженері болып жалғастырды.

2016-2018 жылдары Шотландиядағы Merlin end компаниясының кәсіпшілік супервайзерлерінің басшысы және бұрғылау бойынша жетекші инженері болды. Содан кейін бір жыл Колумбия, Оман, РФ, Аляска, АҚШ және Ұлыбританиядағы жобаларда Лондондағы McKinsey and Company кеңсесінде мұнай-газ өнеркәсібінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2022 жылға дейін Жаркешов Украинаның «Нафтогаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының барлау және өндіру дивизионы директорының орынбасары болды.