×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды

Бүгін, 16:11
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды
Instagram/gani.beisembayev

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қайтыс болды. Қаралы хабарды инстаграм әлеуметтік желісінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Бүгін әріптесіміз, ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр, - деп жазды министр.

Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, Парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.

Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып ол мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметін атқарған. Марқұм биылғы 29 наурызда 60 жасқа толар еді.

Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды, – деп жазды Ғани Бейсембаев.