Ұлыстың ұлы күнін тойлау тұжырымдамасына сәйкес, қазақстандықтар бүгін, 16 наурызда "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнін" атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналады. Ел жадынан көмескіленіп, өше бастаған ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа насихаттау – басты мұрат. Сондықтан бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде шілдехана, балаға ат қою, бесікке бөлеу, тұсау кесу, ашамайға мінгізу, шаш өру, сүт ақы, босаға майлау, қазан шегелеу, бата беру, құда түсу сынды мәні зор, мағынасы терең салт-дәстүріміз салтанат құрып, жоралғылар жасалады. Ұлттық өнер ұлықталып, жалпақ жұрт мәдениеттің мәйегінен сусындайды.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Наурызнаманың» жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, Ұлыстың ұлы мерекесі 10 күн бойы тойланады.