×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Ақтауда шұрық-тесік жолдарды жөндеуге 316 млн бөлінген

Ақтауда шұрық-тесік жолдарды жөндеуге 316 млн бөлінген
Ulysmedia.kz коллажы

Ақтауда шұрық-тесік жолдарды жөндеуге 316 млн бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Lada.kz мәліметінше, биыл аудан ішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы шұңқырларды жөндеуге бюджеттен 316 330 267 теңге жұмсалады. Бұл қаражатқа 50 мың шаршы метр жол жамылғысын жөндеу жоспарланып отыр. 

«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауданішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы шұңқырларды жөндеу» лоты бойынша ашық тендерге қатысуға өтінім қабылдау 5 наурызда басталып, 16 наурызда аяқталған. Қазіргі уақытта бір ғана өтініш түскен.  Сатып алу сомасы қосымша құн салығынсыз 316 330 267 теңге.

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталуы керек, ал 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін техникалық қызмет көрсетілуі қажет. Орындалған жұмыстардың сапасына кепілдік мерзімі объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап бір жыл болмақ.