Батыс Қазақстан облысындағы Шідерті өзенінде қардың қарқынды еріп, көпірді шайып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қардың қарқынды еруі салдарынан Шідерті өзенінің деңгейі күрт көтерілді. Ақсай-Жымпиты автожолының 27-ші шақырымында, Аралтөбе ауылының жанында су негізгі өткелді жөндеу кезінде салынған уақытша көпірдің айналасындағы топырақты шайып кетті.
ТЖМ
Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің күшімен өзен деңгейі төмендегеннен кейін уақытша көпірді нығайту үшін инертті материалдары бар қаптар толтырылып жатыр.
ҚАУІП ЖОҚ
Жергілікті тұрғындар жедел хабардар етілді, елді мекендерге қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жағынан баламалы жол жүру жолдары бар.
Қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін бірден басталады.