Алматыда алтыншы қабаттан құлап қайтыс болған 20 жастағы келіншектің өліміне қатысты тың деректер белгілі болды. Ресми мәлімет бойынша, Ажар Тәуекелқызы балконнан секіріп кеткен. Алайда марқұмның жақындары мұнымен келіспейді. Қыздарының өліміне олар ішімдікке салынып кеткен күйеу баласы мен құдағиын кінәләйды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 9 наурызда "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде болды. Ажар Тәуекелқызы ана төбесі қарайып тұрған алты қабаттағы балконнан құлапты. Жерге түскен сәтте айналадағы тұрғандар лезде көмекке ұмтылғанымен, құтқарып қала алмаған. Келіншек бірден жан тапсырған. Марқұмның биіктен құлаған сәтін көршілері көріп, видео түсіріп алған. Бір күн бұрын, яғни 8 наурызда тура сол пәтерден айқай-шу естіген.
“Бір зат түскендей дүрс ете қалды. Қызым жүгіріп барып қараса, бір қыз жатыр, бюстгалтер, трикомен. Өліп қалған. Біз жедел дәрдем шақыр деп айқайладық. Сол кезде бір ер кісінің дауысы шықты, жылаған. Бір күн бұрын түнде айқай-шу, қонақтар болды. Боқтады бір-бірін, арақ ішкен. Бізге сондай дыбыс естілді” – дейді көршісі Тасбике Тұрымтаева.
Ажардың өліміне қатысты бір аптадан бері 105-бап, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірақ марқұмның жақындары «өзі секіріп кетті» деген нұсқамен келіспейді. Себебі, мәйітті көрген кезде жағасын ұстап шошыған. Сол күні пәтерде күйеуі мен енесінен бөлек, тағы екі адамның болғанына сенімді. Тойлап, ішіп, араларында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан дейді әкесі.
“Кішкентай немеремнің киімін алуға қарындасым кірген. Қараса, қан, тіс жатқан. Кәдімгі үш түбірі бар тіс көрдім дейді. Балконнан төрге дейін аққан қанның ізі бар” – дейді марқұмның әкесі Тәуекел Жекебай.
Ал туысының айтуынша мұнда құзырлы органдағы біреулердің араласуы әбден мүмкін.
“Екі аяғы тілінген, өкше жағы. Иығы көгерген. Қолы көгерген. Басының артына сүйегі кіріп кеткен. Ал түскенде, жанымен түскен. "Асыл арманның" чатында балконнан екі адам төмен қарап тұрған. Сол видеоның бәрін өшіріп тастап отыр. Естуімше, жанындағы баланың ағасы опердің бастығы ма, Қаскелеңнің. Сол команда берген. Бәрі бір-бірін таниды” – деді марқұмның туысы Ақшабек Жекебай.
Дәм-тұзы небәрі 20 жасында таусылған Ажар — үйінің үлкені. Отбасында жалғыз қыз. Осыдан tr3 жыл бұрын өз3y34 сыныптасына тұрмысқа шыққан. 1Содан бері таяқтан көз ашпады1 деп отыр жақындары. Тіпті екі рет үйіне қашып келген. Бірақ жары жалынып-жалбарынып қайта алып кетіпті.
“Қызым бір күні жылап, сурет жіберді. «Мама, Надырбек мені сабады» деді. Біз соны естідік те, сол күні билет жазғызып, ертеңіне қызымызды алғызып алдық. Кінәлі адам — Надырбек күйеуі, оның енесі — Миуагүл, сол кезде соның үйінде болған досы — Әкежан, оның жанына ілесіп келген қыз — Айым. Осы төрт адам қызымды зорлық-зомбылықпен өлтіріп, балконнан лақтырып жіберген”- деді марқұмның анасы Гүлжан Жақып.
Жігіттің жасы 24-те. Анасымен бірге тұрады. Қарақалпақстаннан көшіп келген. Екеуінің де тұрақты жұмысы жоқ. Құрылыста жалданып жұмыс істеген. Қайғылы оқиғаға қатысты қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.
“Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді,”- дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.
Марқұм Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде үшінші курста оқыпты. Қазақ тілінің мұғалімі боламын деп армандаған. Артында бір бір жастан асқан ұл қалды.