×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

40 миллиард еуро: Еуроодақ елдері Украина туралы келісімге келе алмады

Бүгін, 00:10
40 миллиард еуро: Еуроодақ елдері Украина туралы келісімге келе алмады
Ашық дереккөзден

Еуроодақ елдері арасында Украинаға жаңа көмек көрсетуге кең саяси қолдау байқалғанымен, көптеген егжей-тегжейлі мәселелерді пысықтау қажет. Бұл туралы Брюссельдегі кездесуден кейін Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас мәлімдеді., деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА КӨМЕК ПАКЕТІНІҢ ҰСЫНЫСЫ

Бұған дейін Каллас Киевке көлемі 20-40 млрд еуро болатын жаңа әскери көмек пакетін ұсынған болатын. Бұл пакетке 2025 жылы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен оларға арналған зымырандарды жеткізу, сондай-ақ Украина Қарулы Күштерінің бригадаларын оқыту мен жабдықтау кіреді. Сонымен қатар, шамамен 5 млрд еуроға бағаланатын 2 млн артиллериялық снаряд жеткізу көзделген.

ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗДЕУЛЕР

"20 млрд еуро – бұл Еуроодақтың 2024 жылы Украинаға бөлген сомасы, ал 40 млрд еуро АҚШ-тың 2024 жылы бөлген 16 млрд еуродан бас тарту ықтималдығын өтеуге көмектесер еді", – деп түсіндірді еуропалық дипломаттардың бірі брифинг барысында.

ВЕНГРИЯНЫҢ БҰҒАТТАУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА БАСТАМАЛАР

Аталған көмек пакеті нұсқасының алғашқысы наурыз айының басында Венгрияның қарсылығына ұшырады. Осыдан кейін ЕО Украинаға Ресей басқыншылығынан қорғануда қолдау көрсету үшін ерікті Әскери Көмек Қорын құруды ұсынды.