×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Семейдегі оқушылар төбелесі: ұрғандарға үкім шықты

18.03.2025, 21:15
Семейдегі оқушылар төбелесі: ұрғандарға үкім шықты
Ашық дереккөзден

18 наурызда Семей қаласында жас–өспірімдердің баланы соққыға жыққаны туралы іс бойынша сот отырысы жабық режімде өтті. Судья бес жасөспірімді девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы мектепке жіберу жөніндегі бес азаматтық істі және айыпталушыны ерекше тәртіптегі мектепке орналастыру туралы бір істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ОТЫРЫСЫ, ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Сот анықтағандай, кәмелетке толмаған Л. мен Т. жәбірленушіні өз үйінің ауласында жолықтырған. Бұрын Л. мен Б. арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Кейін оларға М., В., С. және Ш. қосылып, жәбірленушіге шағымдарын айтқан.

"Л., Т., М. және В. жәбірленуші Б.-ны қазандық аумағына апарып, оған дене жарақатын салған. Осы уақытта М., В. және Ш. болған жағдайды телефонға түсірген. Кейін бұл видео қалалық пабликтердің бірінде жарияланды", – деп хабарлады Абай облыстық сотының баспасөз қызметі.

СОТ ШЕШІМІ

Үш жасөспірімге қатысты талап-арыз қанағаттандырылмады. Олардың екеуі 11 жасқа толмаған, ал заң бойынша арнайы мектепке тек осы жастан бастап жіберуге болады. 12 жастағы видеоға түсірген қыз арнайы есепте тұрмаған, жүйелі құқық бұзушылық жасамаған және оқу үлгерімі жақсы болған. Дегенмен, үшеуі де жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция есебіне қойылды. Қалған үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді.

"13 және 16 жастағы екі қыз девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы мектепке жіберілді. Сот олардың бірі жүйелі түрде білім алудан жалтарғанын, колледжде көп рет сабақ босатқанын анықтады. Сондай-ақ, бұл қыздардың жүйелі түрде құқық бұзушылық жасағаны: алкогольді ішімдіктер ішу, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүру секілді әрекеттері белгілі болды. Қыздарды арнайы мектепке төрт ай мерзімге жіберу туралы шешім қабылданды. Егер қажеттілік туындаса, мінез-құлқы түзелмеген жағдайда, білім беру ұйымының өтініші бойынша мерзім ұзартылуы мүмкін", – деп хабарлады Абай облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Қарлығаш Қасымова.

ЕРЕКШЕ ТӘРТІПТЕГІ МЕКТЕПКЕ ЖІБЕРУ

13 жастағы бір ұл бала алты ай мерзімге ерекше тәртіптегі мектепке жіберілді. Соттың мәліметінше, ол осы жылдың екі айында екі қылмыс жасаған, бірақ жасына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

"Ол ұрлық және бұзақылық әрекеттерін жасаған. Екі қылмыстық іс те оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмауына байланысты тоқтатылды. Оның шынайы өкінуін ескере отырып, алты ай мерзімге ерекше тәртіптегі мектепке орналастыру туралы шешім қабылданды", – деп түсіндірді Қарлығаш Қасымова.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Еске салсақ, Семейде аса қатыгездікпен жасалған оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 24 ақпанда әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің баланы жерге құлатып, тепкілеп, оның басынан теуіп, үстіне секіріп, түрлі жолмен қорлаған видеосы тарады.

Кейін қатарластары сабап, видеоға түсірген Әлинұрға жаңа пәтер берілді