Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған іс бойынша сот аяқталуға жақын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев хабарлады.
- Қожағапанов пен мердігерлік ұйымның басшысының ісі сотта қаралып жатыр. Әңгіме аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру туралы болған. Шығын бір миллиард теңгеден асады. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Аяқталуға жақын. Баптың санкциясы бойынша 7-12 жылға дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін, дейді Құрақбаев.
ТЕРГЕУ
Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік.
ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.