Франциядан келген 74 жастағы бұрынғы әскери қызметкер сегіз метрлік қайығымен Атлант мұхитының арғы бетіне саяхатқа шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Францияның оңтүстігіндегі Арес қаласынан келген бұрынғы әскери қызметкер Жан-Жак Савин 1 қаңтарда Португалияның батыс жағалауындағы Сагреш ауылынан қайықпен аттанды. 74 жастағы қария 90 күнде Атлант мұхитын кесіп өтіп, Кариб теңізінің жағалауына жетуге үмітті. Жоспар бойынша ол күніне 8-10 сағат ескек үстінде отырады.
Оның салмағы бір тоннадан аспайтын сегіз метрлік қайығы саяхат үшін арнайы жасалған және ашық қызғылт сары түске боялған. Бортта шамамен 300 келі керек-жарақ бар: арасында бір бөтелке шампан бар, оны 14 қаңтар күні 75 жасында ашпақшы.
2019 жылы Савин үш метрлік бөшкеде отырып Атлант мұхитын кесіп өтті.