×
498.25
537.16
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.25
537.16
5.96

Әлемдегі ең үлкен әуежайлардың бірі жабылды

21.03.2025, 12:04
Әлемдегі ең үлкен әуежайлардың бірі жабылды
Reuters

Лондонның батысындағы Хейс ауданында орналасқан электр қосалқы станциясында шыққан күшті өртке байланысты Хитроу халықаралық әуежайы уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лондондағы Хитроу әуежайының баспасөз қызметі әуежайдың ауқымды бөлігінде электр қуатының өшірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды DW. Қазіргі уақытта энергиямен жабдықтау толық қалпына келетін нақты мерзім белгісіз.

Flightradar24 сайтының мәліметінше, Хитроуға бет алған кемінде 120 әуе кемесі басқа әуежайларға бағытталды.

Хитроу – әлемдегі ең ірі әуе торабы

Хитроу – әлемдегі ең қарбалас әуежайлардың бірі. 2024 жылы ол рекордтық 83,9 млн жолаушы қабылдады. Әуежайда әр 45 секунд сайын ұшақ қонады немесе көкке көтеріледі.

Әуежай басшылығы жолаушыларға сапарларын кейінге шегеруді және әуе компанияларымен алдын ала байланысуды ұсынды.