×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

СҚО-да жеңіл мәшін топан суға батып кетті

Бүгін, 08:25
СҚО-да жеңіл мәшін топан суға батып кетті
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде трассаның үстінен ағып жатқан қарғын суға жеңіл көліктің батып кеткені көрсетілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға куәгерінің айтуынша, бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишимское мен Қазан ауылдарының арасындағы тас жолдың бойында болған,

Солтүстік Қазақстан облысының шешеуніктері халықтың ақшасын игеріп, тасқынға қамданып жатқанда, көктем тағы да күтпеген жерден келді. Volkswagen Passat жүргізушісі қарғын су басқан трассада көлігін басқара алмай қалып, жол жиегіндегі терең суға батып кетті. Зардап шеккендер жоқ, – деп жазды «Президентке хат» телеграм арнасы.