×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Ресейді Отаным деген қазақ қызы өзіне айтылған сынға жауап берді

Бүгін, 09:00
Ресейді Отаным деген қазақ қызы өзіне айтылған сынға жауап берді
rusboxing.ru

Бокстан әлем чемпионы атанған ресейлік Салтанат Меденова қазақстандық БАҚ-тың сынына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Салтанат Меденова Сербияда өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Финалдық жекпе-жектен кейін «Матч ТВ» журналисіне берген сұхбатта ол былай деді: «Мен – қазақпын. Қазақстандықтардың көбі маған: «Отаныңа оралсаңшы» деп жазады. Бірақ менің Отаным – Ресей. Мен осында туып, өстім».

Осы сөзден кейін қазақстандық жанкүйерлердің біразы чемпион қызды сынға алды.

ДӘЙЕКСӨЗ

Сұхбатта «менің Отаным Ресей» дегенім және гимнді шырқағаным үшін Instagram-дағы Қазақстанның ақпараттық пабликтері менің жазбаларыма көптеген пікір жазып (сен орыссың, Отанға сатқындық жасадың және т.б.) жатыр. Әрине, олардың ішінде жағымды жазбалар да бар.  Қазақстанда туған және сол елдің атынан жарысқа қатысқан орыстар менің Отаным Ресей деп айтпайды ғой, менікі де сондай жағдай. Мені дұріс түсініңіздер, – деп жазды боксшы.

Салтанат Меденова Омбы қаласында туып, өскен. Бокстан Ресейдің спорт шебері және сол елдің құрамасының мүшесі.