Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтіп жатқан Ақтау қаласының тұрғындары көшеге ұлттық киім киіп шықты. Дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған адамдардың саны 5 мыңнан асып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Каспийдің жағасындағы әсем қаланың халқы бүгін орталық алаңға Best Fest Nauryz фестивалін тойлау үшін жиылды. Бір ерекшелігі, мерекелік шараға еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін тегіс ұлттық киім киіп келді. Олардың саны 5 мыңнан асты, қосымша резервте тағы 100 адам болды. Бұл бастаманы Лондонда орналасқан Гиннес рекордтар кітабы штаб-пәтерінің өкілдері назарға алып, құжатқа тіркеді. Енді қазылардың жауабын күтеді.
КӨКШЕТАУ ДА ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ
Көкшетау қаласында да ұлттық киім киген аналар шеруі өтті. «Ақ кимешек» деп аталған шеруге 1600 ана қатысты. Бұл шара ресми түрде Қазақстанның рекордтар кітабына енгізіліп, ұйымдастырушыларға арнайы сертификат тапсырылды.